Қазақстанның жетекші девелоперлерінің бірі Sensata Group құрылыс компаниясы Freedom Банкімен бірлескен «Жинақтаушы ипотека» бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бағдарлама депозиттік және кредиттік бөліктерден тұратын қаржылық құрал арқылы клиенттерге құрылыс компаниясының тұрғын үй нысандарынан баспана сатып алуды едәуір жеңілдетуге бағытталған.
Бағдарлама шарттарына сәйкес бастапқы жарна 30%-ды құрайды. Бірінші кезеңде несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемесі 10,5%-дан 14,5%-ға дейін (жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесі (ЖТСМ) 11,01%-дан 15,49%-ға дейін) болады. Таңдалған мерзім ішінде қарыз сомасының 50%-ы жинақталғаннан кейін екінші кезеңге өту кезінде жылдық мөлшерлеме 10%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ 11,00%-дан 14,59%-ға дейін).
Сонымен қоса клиенттің бастапқы жарнасы жылдық 7% мөлшерлемемен (ЖТСМ 7,00%) депозитке орналастырылады. Бұл бағдарламаның маңызды артықшылықтарының бірі, өйткені депозитке есептелетін сыйақы қарыз сомасының 50%-ын жылдамырақ жинақтауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама құрылысы жүріп жатқан нысандарға да, пайдалануға дайын тұрғын үй кешендеріне де қолданылады. Бұл сатып алушыларға құрылыстың бастапқы кезеңінде тиімді шарттармен инвестиция салуға немесе дайын пәтерге қысқа мерзімде қоныстануға мүмкіндік береді.
Бірлескен өнім қарыз алуға өтінім берген сәтте 21 мен 55 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының әртүрлі қаржылық мүмкіндіктеріне бейімделген.
Қарыздың ең жоғары сомасы 100 млн теңгені құрайды. Бұл комфорт және премиум санатындағы тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік береді. Кредит мерзімі 20 жылға дейін белгіленуі мүмкін.
Құрылыс нарығының сенімді әрі ашық қатысушысы ретінде Sensata Group сатып алушылар үшін тұрақтылықтың кепілі болуға ұмтылады.
«Жан-жақты технологиялық дамушы банкпен серіктестік клиенттерімізге кезекті ипотекалық өнімді ғана емес, стратегиялық тұрғыдан жаңа әрі ашық қаржылық тетікті ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде Астана мен Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу құрылыс компанияларынан барынша икемділікті талап етеді. Осы бағдарламаның арқасында сатып алушыларымыз инфляциялық тәуекелдерді азайта алады: олар құрылыстың бастапқы кезеңінде шаршы метрдің бағасын бекітіп, жылдар бойы қаражат жинауды күтпей-ақ бірден қарыз рәсімдей алады. Банктің әрбір транзакцияның қауіпсіздігі мен толық ашықтығын қамтамасыз етуі клиенттеріміздің мәміленің заңдылығына сенімді болуына негіз болады», деді Sensata Group компаниялар тобының бас директоры Максим Михайлов.
Қазіргі уақытта бағдарлама аясында Астанадағы мына тұрғын үй кешендерінен пәтерді ипотекаға рәсімдеуге болады:
Manar
Sanara
Saryn
Ayala
Aisafa
Aitay
W Towers
Birjan Sal
Алматы қаласында:
Qaharman
Máńgilik
Olimpic Park.