700 Бірыңғай колл-орталық (сату бөлімі)
8 800 070 09 09 Sensata Service
1%-дан басталатын ипотека: қазақстандықтарға баспана сатып алудың жаңа шарттары ұсынылды

Sensata Group құрылыс компаниясы мен еліміздегі ірі қаржы институты Halyk бірлескен ипотекалық бағдарламаны іске қосу туралы келісім жасасты. Бағдарлама сатып алушыларға құрылыс компаниясының тұрғын үйлерін арнайы шарттармен ипотекаға алуға мүмкіндік береді.

 

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады, несие мерзімі 20 жылға дейін, ал жылдық пайыздық мөлшерлеме несие шарттарына қарай 1%-дан 18%-ға дейін (жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме 1,01%-дан 19,56%-ға дейін) құрайды.

 

Ипотека Sensata Group компаниясының салынып жатқан және пайдалануға берілген тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға қолжетімді. Өтінімді Halyk SuperApp қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

 

Осылайша, сатып алушылар құрылысы жүріп жатқан нысаннан пәтер таңдай алады немесе жақын арада қоныстануға болатын дайын баспана сатып ала алады.

 

Сонымен қатар сатып алушылар ипотеканы тікелей Sensata Group сату бөлімдерінде рәсімдей алады. Ол үшін компанияның сату бөліміне келу жеткілікті. Мамандар қажетті құжаттарды дайындауға және өтінімді қараудың негізгі кезеңдерінен өтуге көмектеседі. Пайыздық мөлшерлеме, несие сомасы мен мерзімі бағдарлама шарттарына және Halyk банкіндегі өтінімді қарау нәтижесіне байланысты айқындалады.

 

Бұл тәсіл пәтер таңдау мен ипотеканы рәсімдеуді бір жерде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде баспана сатып алу процесі ыңғайлырақ болады және клиентке қосымша басқа да орындарға бару қажеттілігі болмайды.

 

«Halyk-пен серіктестік клиенттерімізге жаңа қаржылық мүмкіндіктер ашып, баспана сатып алуды барынша қолжетімді етеді. Тұрғын үй алу маңызды әрі жауапты қадам екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан клиенттерге ыңғайлы қызмет көрсетуге ұмтыламыз. Банк қызметтерін сату бөлімдерімізге енгізу мәмілені рәсімдеу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Пәтердің жоспарлануын таңдаудан бастап ипотеканың мақұлдануына дейінгі толық процесс кеңсеміздің жайлы жағдайында өтеді», деп түсіндірді Sensata Group өкілдері.

 

Бағдарлама аясында клиенттер Астанадағы мына тұрғын үй кешендерінен пәтерді ипотекаға сатып ала алады:

•             Manar

•             Sanara

•             Saryn

•             Ayala

•             Aisafa

•             Aitay

•             W Towers

•             Birjan Sal

 

Алматы қаласында:

•             Qaharman

•             Máńgilik

•             Olimpic Park.

Sensata Group пен Halyk бірлескен ипотекалық бағдарламасының шарттары туралы толық ақпаратты құрылыс компаниясының сату бөлімдері мен банк бөлімшелерінен алуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу