Ең төменгі артық төлем. Ең тиімді мүмкіндік.
Несие мерзімі — 5 жылға дейін.
Бастапқы жарна — 20%-дан бастап.
Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 7,5%-дан 15,5%-ға дейін.
ЖТСМ — 7,8%-дан бастап.
SANALY — Sensata Finance ұсынған жаңа ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Sensata Group тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға арналған және тиімді шарттарының арқасында артық төлемді барынша азайтып, баспанаға қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жеке баспанаға ие болу — әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан бұл үдеріс қолжетімді ғана емес, сонымен қатар түсінікті, ашық әрі барынша ыңғайлы болуы тиіс.
Өз экожүйесін дамыта отырып, Sensata Group жаңа қаржылық бағыт — Sensata Finance компаниясын іске қосады. Компанияның жеке микроқаржы ұйымы тұрғын үйді сатып алуға арналған заманауи, икемді және түсінікті қаржылық шешімдерді ұсынады.
Жаңа бағыттың алғашқы өнімі — SANALY ипотекалық бағдарламасы. Бұл — Sensata Group тұрғын үй кешендерінен баспана сатып алуға арналған компанияның жеке қаржылық шешімі.
SANALY — жай ғана жаңа ипотека емес. Бұл тұрғын үй сатып алуға деген жаңа көзқарас. Бағдарлама аясында клиент мәміленің барлық шарттарын алдын ала біледі, төлем кестесінің ашықтығына көз жеткізеді және өміріндегі ең маңызды қаржылық шешімдердің бірін сеніммен қабылдай алады.
SANALY атауы компанияның ұстанымын айқын көрсетеді. Қазақ тіліндегі «саналы» сөзі ойластырылған, жауапты әрі дұрыс таңдау жасауды білдіреді. Өз үйіңді сатып алу да дәл осындай саналы шешім болуы керек.
Sensata Finance-тің іске қосылуы — Sensata Group дамуының жаңа кезеңі әрі тұрғын үй сатып алуды бұрынғыдан да қолжетімді ететін қаржылық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Өтінім қабылдау жуырда басталады
SANALY ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау жақын арада басталады.
Бағдарламаның толық шарттары, рәсімдеу тәртібі және қарыз алушыларға қойылатын талаптар өтінім қабылдау басталған күні жарияланады.
Sensata Group жаңалықтарын бақылап, бағдарламаның іске қосылғаны туралы алғашқылардың бірі болып біліңіз.
SANALY — өз үйіңізге бастайтын саналы қадам.